Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 12 миллионға жетті. Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Global e-Government Forum-2014 форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Үкімет халқымыздың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін белсенді жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта халық арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейі шамамен 63 пайызға жетіп отыр. Интернет пайдаланушылар саны 12 миллионға жетті, бұл халықтың 70 пайызын құрайды», - деген Ә.Исекешев өз сөзінде.
ҚазАқпарат жазғандай, Исекешев сандық телевидениемен халықты қамту көрсеткіші 51 пайызға жетіп отырғанын айтқан. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 72 пайызға жеткізу жоспарланған. 2 жылдың ішінде халықты сандық телевидениемен қамту көрсеткішін де 95 пайызға жеткізу қолға алынған.
Қамшы-ақпарат